8(707)138 51 85 Павлодар қ. жеткізу телефоны

Телефон доставки г.Павлодар 8(707)138 51 85

ЖЕТКІЗУГЕ ҚАЛАЙ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ

Тапсырысты рәсімдеу үшін сайттың сол жағындағы Каталогтан тауар таңдау қажет.

Сатып алуды бастау үшін алғыңыз келетін тауарыңызды тауып алып және таңдалған тауардың астыңғы жағынан «Себетке» батырмасын басу қажет, сіз астыңғы оң жақ бұрышта «Тауар себетке қосылды» деген жасыл түсті қалқымалы терезені көресіз. Одан әрі қажетті тауарларды таңдай отырып, каталогты қарауды жалғастыруға болады. Ойға салу ретінде, соңғы қосылған тауарда «Себет» батырмасы сіз оған келесі тауарды қоспағанша жасыл түсті болып жанып тұрады.

Егер барлық тауар таңдалса, онда себетке кіру қажет, ол жоғарғы оң жақ бұрышта, егер санын түзету керек болса, оны түзетіңіз, яғни тінтуірмен тауар санын бөліп, қажетті санмен алмастырыңыз.

Назар аударыңыз! Өлшенетін тауарды таңдаған кезде себетте автоматты түрде салмағы көрсетіледі -1 кг, сізге қажет санға түзету керек. Мысалы, 1 кг орнына 0,2 кг, яғни 200 грамм көрсетуіңіз керек.

Себетте жасаған саудаңыздың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер қандай да бір тауар қажет болмаса, оны айқаршықты басып жоюға болады.

Одан кейін «Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басамыз.

Барлық жолдар толтырылуы керек.

Өзіңіздің байланыс телефоныңызды көрсетіңіз, ол біздің дүкеннің менеджерлері тапсырысыңызды нақтылау үшін қажет.

 «Мекенжай» жолында бізге тапсырысты жеткізетін мекенжайды көрсетіңіз. Мекенжайға байланысты сайтта жеткізудің бағасы көрсетіледі.

«Тапсырысқа түсінік» жолында сіздің домофоныңыз істей ме, немесе, мысалы, сіз біздің қоңырау шалғанымызды қаламайтыныңыз, Whatsapp, Viber немесеTelegram-ға хабарлама жазғанымызды қалайтыныңыз туралы ақпарттар болуы мүмкін.

Төмен қарай басқа жолдарды толтыра отыра, сіз дүкеннің сайтында тіркеуден өтесіз. Бұл шара жылдам әрі сіздің көп уақытыңызды алмайды. Тіркеу келісімді рәсімдеу және тауармен жұмыс жасауды қадағалау үшін қажет. Сіз өзіңіздің жасаған барлық саудаңызды жеке кабинетте бақылай аласыз. Тіркелу үшін электрондық пошта қажет. Егер ол сізде болмаса, онда сізге міндетті түрде пошталық жәшігіңізді тіркеу керек. Сізге міндетті түрде барлық жолдарды қатесіз толтыру керек. E-mail жолында сіздің пошталық жәшігіңіздің атауы болу керек (ол @ белгісімен бөлінген екі бөліктен тұрады).  Құпиясөз және Құпиясөзді қайталау деген жолға таңба мен саңдардан құралған бірдей комбинацияны енгізу қажет. Құпиясөздің минималдық ұзындығы 6 белгі. Ұмытып қалмау үшін қойын дәптеріңізге тіркелу мағлұматын жазып алыңыз.

Одан кейін төлем тәсілін таңдаңыз. Сондай-ақ төменгі жолдарға жалаушаларды қойып кетіңіз. Саудаңызға сәттілік!